Құзырлы органдар оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Алматыда колонияның бұрынғы басшысы кеңсесінде тұтқындалды
istockphoto.com
494
оқылды

Алматыда қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің бұрынғы басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Telegram-дағы EgovPress арнасында Алматы қаласындағы №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекеме бастығының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада оның дәл кеңседе тұтқындалғаны жазылған.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері қамауға алынған адамның ішкі істер органдарының қызметкері болмаған мәлімдеді. 

"Бұл адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған. Құзырлы органдар оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген заңбұзушылыққа көз жұмбайтынын және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты көмек көрсетеді", – делінген комитет хабарламасында.