Жақында тұрмысқа шығатынын айтқан танымал тележүргізуші Диана Скатова болашақ күйеуі, музыкант Сұлтан Нұрбековке қатысты желіде тараған қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы тележүргізуші Instagram-да жариялады.
Оның айтуынша, Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі Сұлтан Нұрбеков – бойдақ.
– "Қанша адам Сұлтан үйленген, бала-шағасы бар" деп жүр. Негізі – жоқ, кезінде мен қалжыңдап, әзіл видео түсіргенмін. Жасұлан деген әріптес, редакторымыз баласын ұстап жүргенде, мен: "Бұл – Сұлтанның баласы, үйленген" деп әзілдеп түсіре салдым. Қазір сол видео өзіме қарсы шығып жатыр. Ханымдар мен мырзалар, ол үйленбеген, баласы жоқ", – деді Диана Скатова.
Айта кетейік, өткен аптада тележүргізуші Диана Скатова тұрмысқа шығатынын айтты. Оның таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан – Диана жүргізген танымал Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі.