Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Видеода тұрғын өмірден өткен әкесіне арнап ас беруден бас тартқанын айтқан. Ол жетісі, қырқы, жылын бермейтінін, сондай-ақ көңіл айту рәсімдерін өткізбейтінін айта келіп, дұға оқу керек болса, мешітке бару керек екенін мәлімдеген.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали бұл бес жыл бұрын түсірілген бейнежазба екенін айтты.
«Бұл видео бес жыл бұрын, COVID-19 пандемиясы кезінде түсірілген. Сол кезде Құлсары қаласының бір тұрғыны маған келіп, халыққа азық-түлік таратуға көмектесуімді сұрады. Себебі карантинге байланысты адамдар жинала алмайтын еді. Біз мұқтаж жандарға жәрдем беруге келісіп, сол кезде осындай шара жасадық. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер, қандай да бір мәліметті таратпас бұрын, оның рас-өтірігін тексеріңіздер», - деді имам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.