Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы айтты.
Әуежайдағы оқиға: Президент инспектор әйелді құтқарған адамға мемлекеттік награда беруді тапсырды
637
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында болған кепілге алу оқиғасынан хабардар. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Президент қылмыскерді қарудан айырып, ұстауға көмектескен азаматтың ерлігіне ерекше мән беріп, оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам инспектор әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытқан.