Оның 64,4 пайызы қалаларда тұрса, 35,6 пайызы ауылдық жерлерде екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Олардың мәліметінше, Қазақстандағы әйел саны 10 381 377-ге жеткен. Бұл дегеніміз – еліміздегі жалпы халық санының 51,1 пайызы.
Әйелдер санының көптігі бойынша бірінші орында – Алматы, онда 1,2 млн әйел есептелген. Екінші орын Түркістан облысына тиесілі, ол жақта әйел саны 1 млн екен. Үшінші орында – Астана қаласы, бұл жақта 803 мың әйел. Қызығы, Астанада соңғы он жылда әйел санының қатты өсімі байқалған. Ал Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.
Жас шамасына қарай жіктесек, әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жастағылар. 18-60 жас аралығындағы қыз-келіншектер саны 5,3 млн. 60 жастан асқан апаларымыз 1,7 млн екен.
Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1. Бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді.