Өзі бес баланың әкесі екен.
Алматы әуежайының қызметкерін құтқарған азамат Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты
qaz.ulysmedia.kz
1,363
оқылды

Алматы әуежайында қарулы шабуылдаушыны 52 жастағы азамат залалсыздандырып, әуежай қызметкерін аман алып қалған болатын. Азаматтың бұл ерлігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бағалап, мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды. Сөйтсек, бұл азамат әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты.

Оның есімі –  Мұса Әбдірайым, 1973 жылғы. Түлкібас ауданының Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 

Әншінің айтуынша, олар өздері 9 ағайынды. Ол бала кезінен кәсіби спортпен шұғылданған.

–  Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік. Бұлай қаһарман боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік.

Оны сағат 9:25-те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті, –  дейді Бағлан Әбдірайымов.

Сондай-ақ оның қызы –  белгілі актриса Аружан Мұса. Ол жарнама роликтеріне түсіп, «Тырна» сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған.