Ал блогер NNN анасы мен қарындастарына қалауына қарай сыйлық жасайтынын жеткізді.
Отандық жұлдыздар: Qanay мен Шерхан Пірназар келіншектеріне 8 наурызға не сыйлайтынын айтты
www.istockphoto.com
2,062
оқылды

Еліміздің танымал жігіттері 8 наурызға жақындарына қандай сыйлық дайындағанын айтты. Бұл туралы REVUE NEWS бағдарламасы сауалнама жүргізген екен. 

Мысалы, белгілі актер Шерхан Пірназар отбасындағы арулардың әрқайсысының тапсырмасын орындап бермек. Ал келіншегінің сұрауы - бөлек.

"Келіншегім фитнес залға абонемент сұраған. Оның құны шамамен – 600 мың теңге", –  дейді ол. 

Ал музыкант Qanay әйеліне қандай сыйлық беретінін ашып айтпады. Бірақ оның қалаған дүниесін әперетінін жеткізді. 

Айтуынша, сыйлық қымбатқа түскен. "Сыйлық қымбат, шамамен 3 миллион теңге тұрады" деген ол. 

Блогер NNN анасы мен қарындастарына қалаған дүниесін әперетінін айтты.