Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при санатындағы турнир басталды. Аталған жарыста әлемнің 52 елінен барлығы 416 татами шебері қатысып жатыр.
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өтті. Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Әбиба турнирді екінші айналымнан бастады. Жарыс финалында ол жапониялық Мизуки Харадамен кездеседі. Ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды), ал ширек финалда Спрингер Жаклинді (Аустрия) жеңді.
Финал Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Естеріңізге салсақ, Әбиба 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр. Оның жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.