Әбиба Әбужақынова Аустриядағы әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при финалында Әбиба Әбужақынова (48 кг) 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Финалға дейін қазақстандық спортшы ширек финалда татами иесі Жаклин Спрингерді, ал жартылай финалда Нидерланд өкілі Амбер Херсьесті жеңді.
Бүгін бастау алған Гран-при турнирінде 52 елден 416 спортшы бақ сынап жатыр. Қазақстан құрамасынан жарысқа 14 дзюдошы қатысып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.