Кепілге алынған қызды құтқарып қалған ержүрек азаматтың ерлігі еленді.
Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан кадр
942
оқылды

Әуежай қызметкерін кепілге алған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгін Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін де істі болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Ал кепілге алынған қызды құтқарып қалған ержүрек азаматтың ерлігі еленді. 

Президент Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен батырлығы үшін Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.