Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі лауазымына тағайындау туралы мәселені қарады, күн тәртібіне шығарылған заңдарды мақұлдады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
170
оқылды

Отырыс барысында Амангелді Есенов Жоғары аудиторлық пала­таның мүшесі лауазымына тағайын­далды. Дауыс беру кезінде ұсы­нылған кан­дидатура Сенаттың Қаржы және бюд­жет комитетінің оты­рысында алдын ала талқылан­ғаны ай­тылды.

Сонымен қатар палата депу­таттары «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау ту­ралы» және «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді рати­фика­циялау туралы» заң­дарды қарап, мақұлдады. Депутаттар атап өткен­дей, келісімдерді ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы іс-қимыл мә­селелері бойынша құқықтық ынтымақ­тас­тығының тиімділігін арт­тыруға мүм­кіндік береді және екіжақты қаты­настарды нығайтуға ықпал етеді.

«Мақұлданған заңдар Қазақстан мен Қатардың құқық саласындағы ынтымақ­тастығын нығайтуды көз­дейді. Келісім­дердің ережелері ұстап берудің рәсімдері мен құ­қықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді. Алдағы уақытта аталған заңдар екі елдің қо­ғамдық қауіп­сіздікті қам­тама­сыз ету жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Келісімдерде көрсетілетін кө­мектің тізбесі, одан бас тарту үшін негіздер, құ­пия­лылық туралы шарт­тар және сұрау салуды орындау ке­зінде алынған мәлі­меттерді немесе дәлелдемелерді пай­да­ланудағы шек­­теулер егжей-тегжейлі ай­қын­далады. Сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлел­деу үшін қажетті тергеу әре­кеттерін жүргізу көзделген. Іздес­тіріліп жат­қан адамдарды экстра­дициялау, оның ішінде адамдарды кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру мәселелері де ескерілді. Уағда­ласушы мемле­кеттердің өз азамат­тарын беруі көзделмейтінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ палата отырысында се­наторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Нұрлан Бекназаров шетелдік инвес­тициялар көлемінің төмен­деуіне және инвесторлармен сот дауларының көбеюіне алаңдау­шылық білдірді. Оның айтуынша, бұл жағдай ұлттық экономикаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты депутат инвес­торлардың құқық­тарын қорғау саласын­дағы заңнама­ны жетілдіру және инвес­тициялық жобаларға мониторинг жүргізу үшін цифрлық жүйелердің интег­рация­сын жеделдетуді ұсынды.

Андрей Лукин санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау қызмет­терінің кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз ара­ласуы шағын және орта бизнестің мем­­лекеттік инсти­тут­тарға деген се­німіне нұқсан кел­тіретінін айтты. Се­на­тордың сөзіне қарағанда, Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің аумақтық орган­дары тарап­­тардың бірі болып табы­латын сот ше­­шімдеріне тұрақты мони­торинг жүргізу мә­селені ше­шуге ықпал етпек.

Сұлтанбек Мәкежанов салық және кедендік ақпараттық жүйе­лерді оңтай­ландыру туралы ұсыныс жасады. Нақты ауысу жоспарының болмауына байла­нысты бизнес өзгерістерге алдын ала дайын­­дала алмайды. Бұл айтар­лықтай қиын­дықтарға әкеліп соғуы мүм­кін.

Нурия Ниязова педагогтердің білік­тілігін арттыру жүйесін тиімді мемлекеттік бақылаудың жоқ еке­нін сынға алып, осы бағытты жетіл­діретін заңнамалық өз­герістерді ұсынды.