Әнші адалдық өмірлік ұстанымы екенін атап өтті.
«Концертке фонограммамен шығуға ұяламын...»: Сәкен Қалымов сахнаны сағынғанын айтты
Фото: YouTube/Хабар телеарнасы
1,471
оқылды

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Сәкен Қалымов өнерді сағынып жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Алтайдың ар жағынан келген ару» әнімен көрермен жүрегіне жол тапқан өнер иесі Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында биыл күзде жеке концертін өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Ол сонымен қатар концерт жанды дауыста өтетінін айтты.

«Өмірлік ұстанымым – адалдық, елге, көрерменге, сахнаға адалдық, Алланың алдында адалдық. Мысалы, мен ешқашан концерттерде фонограмма пайдаланбаймын. Неге деп сұрайды көп адам. Мен ұяламын. Алдауға ұяламын. Сонша ақшаға билет алып келіп отырған халыққа аузымды жыбырлатып, фонограммамен шығуға ұяламын. Ұятым жібермейді. Себебі мен осылай нәпақамды тауып отырмын», - деді Сәкен Қалымов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.