Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Болат Абдрахманов Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Федерацияның мәліметінше, Болат Абдрахманов 30 жылға жуық отандық спорт саласында еңбек еткен.
“Құрмет” орденінің иегері, әр жылдары бокстан мемлекеттік жаттықтырушы, ұлттық құрама үйлестірушісі және тағы басқа қызмет атқарған. Қазір Қосшы қаласы мәслихатының депутаты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.