Әнші Қарақат Әбілдина бүгін «Парасат» орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі қуанышты сәтті үйінде дос-жарандарымен атап өткен. Әншіні құттықтап, сый-сыяпат жасап жатқан жандар көп. Бірінші болып Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова әншіге гауһармен көмкерілген меруерт алқа сыйлады.
«Қарақат Түлкібайқызына Мөлдір Түлкібайқызы атынан марапат – меруерт», – деп сыйын ұсынды ол.
Қарақт Әбілдина бұл марапат алған кездегі алғаш берілген сый-сыяпат екенін атап өтті.
«Сүйіншісімен келген көктемім! Құттықтауларыңызға мың алғыс!» - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Қарақат Әбілдинаны «Парасат» орденімен марапаттаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.