Рейстердің қысқартылуына байланысты жолаушылар билетін қайтара алады
Рейстердің қысқартылуына байланысты жолаушылар билетін қайтара алады
Фото: Интернеттен алынды
229
оқылды
Рейстердің қысқартылуына байланысты 16 наурыздан бастап уақытша шектелген рейстерге билеті бар жолаушылар өз билеттерін алған жеріне қайтара алады. Қосымша сұрақтар бойынша әуе компанияларының байланыс нөміріне хабарласуы тиіс. Сондай-ақ рейстері кейінге қалдырылған жолаушылар үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде» тәулік бойы ақпарат беретін сall-орталық жұмыс істеп тұр.

Оған  8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Айта кетейік, бүгін Президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды. Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі Бұл туралы Президенттің төтенше жағдай туралы Жарлығында жазылған. «Қоғамдық тәртіптің сақталуы бойынша аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін» делінген Президенттің Жарлығында.