Ол әлеуметтік желі арқылы терроризм мен қарулы жиһадты насихаттаған.
Түркістанда терроризмді насихаттаған адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды
www.istockphoto.com
356
оқылды

Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы терроризм мен қарулы жиһадты насихаттағаны үшін 7 жылға  сотталды. Бұл туралы Түркістан облыстық соты хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, 2023 жылдың наурыз айынан бастап айыпталушы Telegram арқылы таныстарына радикалдық діни идеяларды және қарулы жиһадқа шақыратын видеоматериалдарды таратқан. Тергеу оның бұл әрекеттерін терроризмді насихаттау деп таныды.

«Айыпталушы Р. өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындылары, куәгерлердің айғақтары және өзге де дәлелдер арқылы расталды», — делінген сот хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 8 жыл жаза беруді сұрады. Алайда сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.