Жақын арада Айтбаевтар әулетінде той болатыны жайында Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева айтты. Ол бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан "100 сұхбат" жобасында хабарлады.
Оның айтуынша, той жасайтын себеп көп.
– Бұйыртса, иә. Кез келген ата-ана армандайды ғой. Балаларымыз өсті, Димаш та біраз жасқа келді. Оң-солын таныды, Раушан да биыл оқуын бітіреді. Дипломын алып, дәрігерлік жолын таңдайын деп жатыр. Мансұрдың өзі 18-ден асты. Сондықтан той болатын шығар деп күтіп жүрміз", – деді Светлана Айтбаева.
Оның сөзінше, Димаш Астанада ата-анасымен бірге тұрады. Алайда ұлы көп уақыт шетелде жүреді.
"Димаш бір айдың 78 сағатын ұшақта өткізеді екен. Арасында демалып ал деп отырамыз", – дейді ол.