Бас прокуратура бұл фактіні растады.
Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы бар ма?
www.istockphoto.com
625
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы сенатор, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы барын растады. Бұл туралы aikyn.kz хабарлайды ҚазТаг-ке сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, "Қорғас ісі бойынша" қаржы полициясы қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бірнеше адам қазірдің өзінде мойындаған. Тіпті, сол кезде қаржы полициясы қылмыстық іс қозғап, құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерін, кеденшілер мен кәсіпкерлерді жауапқа тартқан. 

– Олар қылмыстық істер бойынша айыпталушыларды азаптағанын және сотталғандарға қатысты қылмыстық іс материалдарын бұрмалағанын мойындады. Олар (Қожамжаровтың бұрынғы қарамағындағылар – еск.) жауап алуға шақырғандардың бірі іс бойынша тек куәгер болса да, өз-өзіне қол жұмсады. Тергеу аяқталуға жақын және бір айдан кейін сотқа жіберілуі мүмкін", – деп хабарлады ҚазТаг дереккөздеріне сілтеп.

Қылмыстық іске қатысты 45 адам жауапқа тартылып, 600-ден астам куәгер сұралды. Кейін күдіктілер 5 жылдан 17 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Еске сала кетейік, Алматы облысындағы кеден бекеттерінде аса ірі мөлшерде қаржы ұрлығы жайлы қаржы полициясы 2011 жылдың соңында мәлімдеген еді. Ол жерде 100-ден астам адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен. Бұл қылмыстық топтың жұмысына криминалдық құрылым өкілдерімен қатар, құқық қорғау органдарының кейбір лауазымды тұлғалары да қатысқан.