Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәліметінше, Қатонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымы жабылды.
– Аталған жол учаскесінде 9 наурыз сағат 08.00-ге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұған дейін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, арты қарға ұласатынын айтқан болатынбыз.