Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті.
Финалда ол 14,300 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.
Жарыста беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіске жетті, ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.
Айта кетейік, Милад кермедегі жаттығудың финалына да қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз