Қазия әжей ауыр көлікті 15 жыл жүргізген.
Жасы тоқсанға таяған кейуана трактор тізгіндейді
24.kz
2,235
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Тарғын ауылының тұрғыны Қазия Мусина тоқсанға жақындаған жасында трактор тізгіндейді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz телеарнасы тілшісінің мәліметінше, механизатор әжей ауыр көлік жүргізгенімен қоймай, техниканың бұзылған жерін бірден табады.

Қазия әжей ауыр көлікті 15 жыл жүргізген. Жер жыртты, шөп тасыды, ауылға кірпіш жеткізді. Үй салуға атсалысты. Әйелмін деп қарап отырған кезім болмады дейді. Шынжыр табаннан бастап К-700 көлігіне дейін айдады. Енді мінеки, тоқсанға таяса да, ұлы Қайнарға көмектесіп жүр.

- Тракторге отыра алады екем, енді Қайнарыма көктемде жаздыкүні шөп шапқанға Т16 деген тракторы бар, соған отырып ап шөбін тырнап берем, мен осы трактомен бірге туып-өстім ғой деймін, – дейді ардагер механизатор Қазия Мусина.

Зейнеткердің қайсар мінезі мен еңбекқорлығына ауылдастары тәнті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз