Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап беріпті.
Қазақстан азаматтарының зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге құқығы бар ма?
istockphoto.com
818
оқылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың жұмысын жалғастыру мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Tengrinews.kz редакциясының арнайы сұранысына жауап ретінде ведомство: "Елде жұмысын жалғастырып жатқан зейнеткерлер бойынша есеп жүргізілмейді", – деп мәлімдеді.

Министрліктің дерегінше, зейнет жасына жеткен тұлғалар жұмыс іздеуші ретінде тіркелмейді және жұмыссыздар қатарына кірмейді.

Алайда зейнет жасына жеткен азаматтар өз еркімен жұмысқа орналасуға құқылы. Егер қызметкердің біліктілігі жоғары және еңбекке жарамдылығы сақталған болса, оның еңбек шарты жыл сайын шексіз ұзартылуы мүмкін. Осылайша, зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалардың жұмыс істеуіне ешқандай шектеу қойылмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз