Құтқарушылар қар құрсауынан 4 жеңіл көлік шығарды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды
Видеодан скриншот
760
оқылды

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгін Кербұлақ ауданында, «Сарыөзек-Қарашоқы» тасжолының 25-шақырымында қарға батып қалған жеңіл көлік туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына аттанып, қар құрсауынан 4 жеңіл көлік шығарды.

Барлығы 12 адам аман-есен құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз