Ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылды.
Абай облысы мен Жетісу облысында жол жабылды
www.istockphoto.com
634
оқылды

«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, еліміздің екі облысында, яғни Абай мен Жетісу облыстарында ауа райына байланысты жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді.

 9 наурызда сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Абай облысы бойынша:

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қ. – Жетісу облысының шекарасы).

• «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар ауданы).

Жетісу облысы:

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).

Бұған дейін ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.