Қазақстанда 25 наурыздан бастап ұялы телефондарды тіркеу ережелері өзгереді. Қазақстандағы абоненттік құрылғылардың идентификациялық кодтарының дерекқор операторы (БДИК) жеке тұлғалар үшін 3 жұмыс сағатында, заңды тұлғалар үшін 6 жұмыс сағатында тіркеу мәліметтерін (ЖСН немесе БСН, абоненттік құрылғының идентификациялық коды, абоненттік нөмір) тексеруден өткізеді.
Сонымен қатар, 6 наурыздан бастап Қазақстанда есірткі өндіру және оның айналымын ұйымдастыру бойынша жаза күшейтіледі. Есірткі өндіру, өңдеу және таратуға қатысқан лауазымды тұлғалар үшін жазалау шаралары қатаңдатылды. Енді кінәлілер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады, сондай-ақ мүлкі тәркіленеді.
Есірткі тасымалдаушыларға («закладчиктерге») қатысты жаза жұмсартылды. Олар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді (бұрын 5-10 жыл болған). Алайда, егер олар бұл қылмысты бірнеше рет қайталаса, жаза 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге ұлғайтылады. Есірткіні таратуға қатысқан лауазымды тұлғаларға арналған қылмыстық жауапкершілік те күшейтілді – олар енді 15 жылдан 20 жылға дейін сотталады, мүлкі тәркіленеді (бұрын 10-15 жыл болатын).
2 наурыздан бастап профилактикалық екпелер картасы Иммунизация паспортымен ауыстырылады. Иммунизация паспорты тек электронды форматта жүргізіледі (бұрын екпе картасы қағаз және электронды форматта қатар жүргізілген). Иммунизация паспорты қажеттілік жойылғанша сақталады. Ал екпе картасы 5 жыл сақталған.