Баланың жағдайы ауыр.
Жаңаөзендегі мешітте өрт шығып, кішкентай бала зардап шекті
www.istockphoto.com
271
оқылды

Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Lada.kz порталына хабарлайды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 17:54-те қалалық мешіттің аумағында болған. 

“Жаңадан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді департамент.

Өрт кезінде 12 жастағы бала зардап шекті. Баланың екі құлағы, беті, мойны, екі қолы мен бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдары I-II-III дәрежеде термикалық күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың денесінің 15-17%-ы күйіп қалған.

“Қазір баланың жағдайы ауыр. Жағдайы айтарлықтай жақсарып жатқан жоқ”, – деді Жаңаөзендегі қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері.