Нұрлан имам ерлерге қарғыс сөз айтудан алшақ болуды сұрады.
Еркек әйелмен жарысып сөз қайтарса да, қарғыс айтпауы керек – Нұрлан имам
aikyn.kz
867
оқылды

Әлеуметтік желі арқылы елге танымал болған Нұрлан имам ерлер қауымына үндеу жасады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Нұрлан имам ерлерге қарғыс сөз айтудан алшақ болуды сұрады.

Айтуынша, әйелдерге қарағанда ерлердің сөздері әрдайым өткір болып жатады.

–  Мені жақсылап еркектер қауымы естіп алсын. "Әйелдің қарғысы боқ, әкенікі оқ" дейді. Еркек адам аузындағы сөзін шығармағаны дұрыс. Сол үшін де ол еркек. Енді шапылдап әйелмен жарысып сөз қайтарса да, тым болмаса қарғыс сөз айтпа. Иә, еркек те адам, кейде эмоциясын шығарғысы келетін шығар. Кейде әйелдік гормоны көбейіп, әйел сияқты салғыласқысы келетін шығар. Бірақ сол кезде аузыңыздан қарғыс сөз шықпасын. Әсіресе , Құдай қосқан жарыңызға айтудан алшақ болыңыз. Періштелер сол кезде әумин десе, әйеліңіз бала көтере алмай қалады. Көтерсе де тұрмайтын болады не болмаса бір дертке шалдығуы мүмкін, –  деп жазды Нұрлан имам.

Естеріңізде болса, бұған дейін Нұрлан имам елді оразада даңғазалықты қоюға шақырды.