Бұл жайлы "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Білімсіз коучтар мен парықсыз психологтардың «пәт­уа­сына» арбалып, санасы уланып жатқандар бар – депутат
istockphoto.com
1,114
оқылды

"Білімсіз коучтардың, парықсыз психологтардың «пәт­уа­сына» арбалып, санасы уланып жатқандарды да көріп жүрміз". Бұл жайлы Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Жаңаша өмір сүрудің формуласын іздеп, сан-саққа жүгіріп, айрандап ұйып отырған отбасылардың шырқы бұзылып жатқаны да жас­ыр­ын емес. Білімсіз коучтардың, парықсыз психологтардың «пәт­уа­сына» арбалып, санасы уланып жатқандарды да көріп жүрміз. Ықылым заманнан қазақ отбасын ене мен келіннің жарасымдығы мен сыйластығы сақтап келеді. Ал дәстүрден жаңылмай, сыйласып өмір сүріп жатқан шаңырақтарды кей жағдайда сөзі сатулы коучтар келіп берекесін бұзып жатыр.

Бар­лығына бірдей топырақ шашудан аулақпын, бірақ олардың біразы бүгінгі буынды қазақы менталитет қабылдай бермейтін қалыпқа салғысы келеді. Мысалы, «Сен ата-анаңа қарайласуға, көмек­тесуге міндетті емессің, таста да кет!» деген пайымдағы посттар желіде жиі кездеседі. Бұл отбасын бұзуға, ошағыңды шайқалтуға шақ­ыра­тын «үгіт-үндеу» дер едім. Жастар осындай ойлардың жете­гінде кетіп, адаспаса деймін. От­басы институты нығайған кезде ғана тасбауыр әке, көкек ана, без­бүйрек бала болмайды, – дейді депутат.

Сұхбатты толық мына жерден оқуға болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз