Ол қолындағы қаруды көшедегі өткен-кеткен адамдарға кезеген.
Петропавлда қолына қару ұстаған бұзақы көшеге шығып, жұрттың үрейін алған
www.istockphoto.com
537
оқылды

Петропавлда ер адамның көшедегі жұртты қарумен қорқытып жүргенін кездейсоқ әскери қызметкер байқап қалған. Сөйтіп Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан офицері бұзақыны ұстап алған. 

– “Әскери қызметкер туыстарының үйінен қайтып бара жатқан. Аулада қолына қаруға ұқсас заты бар мас адамды көріп қалған. Ол қолындағы қаруды көшедегі өткен-кеткен адамдарға кезеген. Содан әскери қызметкер дереу бұзақыға қарай беттеген”, – деп мәлімдеді Ұлттық ұлан.

Капитан қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолданып, полиция келгенше ер адамды тапжылтпай ұстап тұрған. Кейін бұзақыны ішкі істер қызметкерлеріне тапсырған.