Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады.
"Қазан айында шығады": Әнші Тамара Асар кәсіп бастады
www.istockphoto.com
4,719
оқылды

Әнші Тамара Асар самаурын жасайтын зауыт ашқалы жатыр. Ол бұл туралы «Таңшолпанға» берген сұхбатында айтты. 

Оның айтуынша, алғашқы тапсырысы қазан айында шығады.

– Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар. Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған, – дейді әнші Тамара Асар.