Әуе қызметкерінің кішкентай қызы бар екен.
Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкер құтқарушысын қонаққа шақырды
el.kz
1,087
оқылды

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған бойжеткен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өзін ажалдан арашалап қалған құтқарушысымен бірге түскен суретін бөлісті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Qaz365.kz сілтеме жасап. 

– Менің құтқарушым! Екінші рет дүниеге келуіме Мұса ағам себепкер, – деп жазды ол суреттің астына.

Мұса Әбдірайымның айтуынша, бұл жағдайдан кейін қыздың әкесі хабарласып, қонаққа шақырған екен.

–  Өзім аман алып қалған қыздың жағдайын білуді азаматтық парызым деп санап, шақыруды қабыл алдым. Олар мені өте жылы қарсы алды. Қазір Ботагөздің жағдайы жақсы, кішкентай қызы бар екен, – деді Мұса Әбдірайым.

Айтар болсақ, әуе қызметкерін құтқарғаны үшін Мұса Әбдірайым Президенттің "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.