Жеңіл автокөлік жолдан шығып кеткен.
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды
ТЖМ
753
оқылды

Құтқарушылар қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Қарой ауылының маңындағы «Марқакөл-Қарой» тасжолында жеңіл автокөлік жолдан шығып кеткен.

- ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына барып, жақын маңдағы елді мекенге 4 адамды (оның ішінде 2 бала) алып жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз