Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Polisia.kz мәліметінше, 102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Арқар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, қызбен сөйлесе бастады.
- Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып, эмоциялық күйзелістен көпірден секірмек болған. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді, – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз