8 наурыз қарсаңында 1 500 теңгеге дейін жеткен бір тал қызғалдақтың бағасы қазір күрт төмендеп, 200 теңгеге сатылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Гүл сатушылардың айтуынша, бағаның көтерілуіне мерекелік сұраныстың артуы себеп болған. Ал қазір сұраныс азайғандықтан, баға да қалыпқа келді.
«Гүлдер мереке алдында жақсы өтеді. Сұраныс көп болғанда, жеткізушілер де бағаны өсіреді. Ал мереке өткен соң, тез бұзылатын болғандықтан, арзандатуға тура келеді», – дейді сатушылардың бірі.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Сондықтан тұрғындарға гүл сатып аларда маусымдық баға өзгерісін ескеруге кеңес береді.