Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің төртінші айналымына шыққаннан кейін жанкүйерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 38-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді 6:0, 7:5 есебімен жеңді.
«Рақмет, достар! Мұндай қолдау маған қатты ұнайды. 2023 жылы осы турнирде чемпион атанған кезде жанкүйерлер керемет болды. Энергия жетпей жатқанда не істеймін? Өзіңді алға итермелейсің. Командаң саған күш-қуат беруге тырысады. Тек күресу керек. Бір сәтте өз ойыныңды табасың», – деді Рыбакина матчтан кейін.
Рыбакина ширек финалға шығу үшін Клара Таусон (Дания) мен Мирра Андрееваның (Ресей) матчындағы жеңімпазбен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз