Бүгін, 10 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
52 келі салмақта Анита Адишева мексикалық Патино Хуарезбен, ал 54 келіде Жайна Шекербекова колумбиялық Бекера Монтесиноспен қолғап түйістіреді.
Қазақстан құрамасының алғашқы жеңістері
9 наурызда алғашқы жекпе-жектерін өткізген қазақстандық боксшылар жеңіске жетті:
- Алуа Балқыбекова (50 келі) 1/16 финалда кениялық Нзиваны ұтып, келесі кезеңге өтті.
- Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 1/8 финалда Өзбекстан спортшысы Олтин Сотимбаеваны тізе бүктірді.
Әлем чемпионатында сынға түсетін қазақстандықтар
Қазақстан құрамасынан жарысқа қатысатын басқа да боксшылар:
- Назым Қызайбай (48 келі)
- Карина Ибрагимова (57 келі)
- Виктория Графеева (60 келі)
- Аида Әбікеева (63 келі)
- Жасмин Қизатова (66 келі)
- Наталья Богданова (70 келі)
- Надежда Рябец (75 келі)
- Гүлсая Ержан (81 келі)
Жарыс кестесі
- 9-13 наурыз – іріктеу кезеңдері
- 14 наурыз – жартылай финал
- 16 наурыз – финалдық жекпе-жектер
Әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан спортшыларға сәттілік!