Бүгінде декреттік демалыста отырған өнер иесі сахнаны сағынып жүргенін жасырмады.
«Айтқан сөз – аффирмация»: Ерке Есмахан сөзге абай болу керегін айтты
Фото: Instagram/erke_esmahan
6,253
оқылды

Әнші Ерке Есмахан шығармашылықты қолға алып, жаңа ән орындауды жоспарлап жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Бүгінде декреттік демалыста отырған өнер иесі сахнаны сағынып жүргенін жасырмады. Сонымен қатар ол әрдайым жақсы сөз айтуға кеңес берді.

«Әйелдің бақыты отбасы» деген әнді көп айтып қойғаным сонша, таза «домашняя әйел» болдым. «Айтқан сөз – аффирмация» деген осы. Шүкір! Сол үшін жақсы сөзге жақын болайық, ол біздің өмірімізге айналады. Босанып алған соң жаңа ән жазу керек болды. Қандай нұсқалар бар? Тағы көтеріп қоймай, ән айтуға идея тастаңыздар. Жаңа сөздер ұсыныңыздар», –  деп жазды Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.