Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ән кешіндегі әсері жайлы ой бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің анасы ұлын кішкентайынан үлкен сахнаға жетелегенін, бүгінде өнер иесінің шығармашылығын бағалайтын тыңдарманы бар екенін атап өтті.
«Жан балам. Өзі от. Орал қаласындағы ән кешінен! Халықтың осыншалықты махаббатына бөлену, инемен құдық қазғандай, қара тер еңбекпен келгенін, 8 жасынан бастап, қолынан ұстап ешкімді тыңдамай сүйрелеп, әрбір қиындығы мен қызықшылығында түгел басы-қасында болған туған анасы әрі продюсері, мән беріп қарайтын мен болсам, көрермен әрі жанкүйер, тыңдаушылары мінеки бағалайтын, сағынатын, түсінетін жандар жоқ емес екен. Аллаға сансыз шүкірлер!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.