Қазақстан халқы наурызда жалпы 14 күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көктемнің алғашқы айында елімізде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз күнгі демалыс сенбіден 10 наурыз, дүйсенбіге ауысты). 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы (наурыздың 22, 23-і сенбі мен жексенбі, сондықтан 24, 25 наурыздың демалыстары дүйсенбі мен сейсенбіге ауысты)», – деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет порталы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.