Әуежайда қайта жаңарту жұмысы жүреді.
Сәуір айынан бастап Павлодар әуежайы жабылады
www.istockphoto.com
418
оқылды

1 сәуірден 1 қарашаға дейін Павлодар қаласы әуежайындағы барлық әуе бағыттары тоқтатылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz өңір әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, 1 сәуірден 1 қарашаға дейін Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын кеңейту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылады.

"Осыған байланысты барлық әуе бағыттары тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Асайын Байханов сәуір айынан бастап мониторинг жүргізіп, автожолдарды жөндеу мерзімінің сақталуына баса назар аударды.

- Барлық жобаларды жинақтап, тізімін қалыптастыруды, оны ахуалдық орталыққа енгізіп, сәуір айынан бастап апта сайын мониторинг жүргізуді бастауды тапсырамын. Барлық әкімдер депутаттармен бірлесіп жолдарды асфальттау сапасын бақылауға алуы қажет, – деп талап етті өңір басшысы.

Салалық басқармаға, әкімдерге, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ филиалына жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, анықталған ақауларды қысқа мерзімде жою және жойылған ақаулардың сапасын қайта тексеру тапсырылды.