«El Arna» және «Хабар» телеарналары біріктірілетіні жайында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды.
Министрдің айтуынша, «El Arna» телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы «24KZ» және «Хабар» сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақытылы жаңартуға бағытталады.
- «El Arna» телеарнасын «Хабар» телеарнасына біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. Барлық құнды контент «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, – деп жазды ол парақшасында.