Бүгін, 11 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Алуа Балқыбекова марокколық Ясмин Мутакимен жекпе-жек өткізді.
Алғашқы екі раундта Алуаның басымдығы байқалып, нәтижесінде жеңіске жетті. Шешуші кезеңде де сол қарқыннан тайған жоқ. Төрешілер шешімімен ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.
Алуа бұдан бұрын 1/16 финалда кениялық Нзиваны жеңген еді. Енді ол ширек финалда түркиялық Айсен Таскинмен кездеседі. Жекпе-жек 13 наурызға жоспарланған.
Айта кетейік, Алуа – ел құрамасындағы тәжірибелі боксшының бірі. Әлем чемпионатында 2022 жылы күміс алса, 2023 жылы қола жүлдегер атанды. 2021, 2022 жылдарда Азия чемпионы болды.