63 келідегі Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді.
Аида Әбікеева Қытай боксшысын жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
873
оқылды

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінің күндізгі сессиясы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

63 келідегі Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, жарыстың ширек финалына шықты.

Бұған дейін Қазақстаннан Алуа Балқыбекова екінші жекпе-жегінде,  Виктория Графеева алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.