12 наурызда спортшылар параллель могулда бақ сынайды.
Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді
Фото: ҚР ҰОК
555
оқылды

Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, еліміздің атынан қатысқан Анастасия Городко ең үздік нәтиже көрсетті – ол жарысты оныншы орынмен аяқтады. Ал Юлия Галышева 12-орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Павел Колмаков қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша, 13-орынға ие болды.

Айта кетейік, 12 наурызда спортшылар параллель могулда бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.