Әнші балаларының тегін ауыстыруға ниетті екенін жасырмады.
«Ұлдарым тұрмысқа шығуыма қарсы»: Сиви Махмуди жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/sivi_makhmudi
1,875
оқылды

Әнші Сиви Махмуди жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол бұрынғы күйеуімен ажырасқанына сегіз жыл болғанын атап өтті. Сонымен қатар әнші балаларының тегін ауыстыруға ниетті екенін жасырмады.

«Балаларымның әкесімен араласпаймыз. Ешқашан хат-хабар алып, жағдай сұрасқан емес. Бұрынғы ата-енем де немерелерін іздеген емес. Қазір балаларым әкелерінің тегін алғысы келмейді. Тіпті, болашақта зияны тие ме деп те ойлаймын. Сондықтан үш баламды да Махмуди деп жаздырамын. Әкесінің аты жазылатын жер бос тұрады. Менің де жеке құжатымда әкем аты жазылмаған”, – дейді Сиви “Менің өмірім” бағдарламасында. 

Әнші екінші рет тұрмысқа шығуға балалары қарсы екенін айтты.

“Ертең тұрмыс құрайын деп жатырмын деп айтқым келмейді. Қазақта “Аузы күйген үрлеп ішеді” деген сөз бар. Сол сөзге қатты сенемін. Сезімін білдіріп жүрген ер-азаматтар бар. Бірақ нақты мынау маған қорған болып, балаларыма әке болады деп айта алмаймын. Әр адамның кемшін тұсы болады ғой. Олардың да ұнамсыз қасиеттерін байқап жүрмін. Қызым тұрмысқа шығуыма қарсы емес. “Сізге жақсы күйеу болса, бізді қыдыртса жақсы емес пе?” дейді. Ұлдарым бірден қарсы болды. Ер балалар анасының басқа азаматпен бас қосқанын қызғанатын сияқты. Ата-анам да оларға түсіндіріп, жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқанын айтты. Бәрі уақыттың еншісінде»,  дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.