Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жаттығу жасап жатқан видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан продюсер әріптестерімен бірге жүргенін көруге болады.
«Жас екенімізді тексеріп, тест жасап көрейік. Аяғымызды айқастырған күйде қозғалмастан қолымыздың көмегінсіз отырып-тұруымыз керек», – деп жаттығудың шартын түсіндірді Баян Алагөзова.
Продюсер бұл жаттығуды еш қиналмай орындап шықты. Ал қасындағы әріптестері оның қимылын қайталай алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.