"ҚазАвтоЖол" мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша, 6 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысы: - "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы: - "Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабутак" автожолының 5-199 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы-Әйке ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы: - "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы-Алтай қаласы).
Қостанай облысы: - "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы: - "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).
Ұлытау облысы: - "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.