Құтқарушылар әжені жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқарушылар 71 жастағы әжеге дер кезінде көмек көрсетті
395
оқылды

Сәтбаев қаласында Абай көшесі бойындағы үйлердің бірінде 71 жастағы әйел өз пәтерінде құлап, орнынан тұра алмай қалған. Сол себепті кейуананың ағасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына барған ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үш иінді баспалдақтың көмегімен, үшінші қабатта орналасқан пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ашты.

Құтқарушылар әжені жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.