1/8 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, колумбиялық Валерия Арболеда Мендозаны жарыс жолынан шығарды.
Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова колумбиялық боксшыны жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
428
оқылды

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздегі көшбасшы спортшымыздың бірі Карина Ибрагимова шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, ол 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, колумбиялық Валерия Арболеда Мендозаны жарыс жолынан шығарды. Есеп: 5:0. 

Осылайша, күндізгі сессия жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды. 

Бұған дейін Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.