Уағыз айтып отырған ақсақалдың аяғын 3 бала уқалап отырғанын көруге болады.
Мешітте уағыз айтып отырып, балаларға аяғын уқалатқан имам көпшіліктің ашуын туғызды
Фото: видеодан кадр
643
оқылды

Аталған жағдай Сарыағаш ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде имамға қатысты тараған видео үлкен резонанс тудырып жатыр. Онда уағыз айтып отырған ақсақалдың аяғын 3 бала уқалап отырғанын көруге болады. Жариялымға пікір білдірушілердің басым бөлігі мешітке келген балаларға бейәдеп тірлік жасатқан қарияны кінәлап жатыр. 

Аталған жағдай Әбішұлы Сатыбалды мешітінде болған. Сарыағаш медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбжаппар Сманов таң намазында шәкірттерге насихат айтқан.

- Видеода Әбжаппар Смановтың аяғын 2-3 жас бала уқалап отырғаны көрінеді. Ол балалар медресе-колледж шәкірттері емес, өзінің туған немерелері екендігін мәлімдейміз. Атап айтқанда, балалардың бірі – үлкен ұлының баласы Хамза Закарияұлы, Дінмұхаммед Смановтың ұлы – Мехдат Дінмұхаммедұлы және жиені Талха Мұхтарұлы. Видео авторы жаман ниетте түсірмеген, ол азамат Сарыағаш медресе-колледжінің тәрбиешісі Нұрсұлтан Оспанов, – делінген Түркістан облыстық орталық мешіті таратқан ақпаратта. 

Облыстық Білім басқармасының мамандары да видеоға қатысты жағдайды анықтау жұмыстарын жүргізген. 

- Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды, – делінген басқарма ақпаратында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.